1 сәуіргедейін көлік салығын төлемегендердің ісі сотқа жолданады

14.03.2023, 14:13
768
1 сәуіргедейін көлік салығын төлемегендердің ісі сотқа жолданады Smartnews.kz

Мегаполисте 441 221 жеке тұлғаның атына 709 944 көлік тіркелген. 2022 жылға есептелген салықтың жалпы сомасы - 16,6 млрд теңге. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Спикердің сөзінше, 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін көлік иелерінің бәрі міндетті түрде былтырғы жыл үшін салық төлеуге тиіс.

Төлем уақтылы жасалмаған жағдайда, әрбір кешіктірілген күн үшін қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады.

«Борышкерге 30 жұмыс күні ішінде берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Хабарландыру мерзімі өткеннен кейін берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, борышкерге 5 жұмыс күні ішінде берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі», - деді ол.

Айтуынша, борышкерлерге сот орындаушылары тарапынан одан әрі мәжбүрлеу шаралары қолданылады, оның ішінде мүлкі мен банк шоттарына тыйым салудан бастап, оның ішінде елден тыс жерлерге шығуына шектеу қойылады.

Бұл ретте қарыз сомасына қосымша негізгі қарыз сомасының 25%-ға дейінгі мөлшерінде сот шығындары алынады.

Сондай-ақ борышкерлер банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банк шоттарын ашу, ақша аудару, несие алу және тағы басқалары.

Салық сомасын e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы немесе мемлекеттік кірістер комитетінің www. kgd.gov.kz интернет-ресурсында есептеп, төлеуге болады.

«Көлік салығын e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады. Қосымша арқылы да төлемді жүзеге асыруға болатын «Салық әмияны» қызметі бар. Сонымен қатар, бұл қосымша дайын реквизиттерді пайдалана отырып, бір уақытта төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігімен «алдағы төлемдер» сервисінде есептелген салық сомасын білуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Қуаныш Түменбаев.

Сондай-ақ салық төлемдерін екінші деңгейлі банктердің, «Қазпошта» АҚ филиалдарында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да төлеуге болады.

Сонымен қатар, басқарма салықты көлік құралы иесінің тұрғылықты жері бойынша төлейтінін еске салды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды