Интернет ғаламындағы алғашқы жұлдыздар: Amazon спутниктерін ғарышқа ұшырды

30.04.2025, 10:20
1703
Интернет ғаламындағы алғашқы жұлдыздар: Amazon спутниктерін ғарышқа ұшырды John Raoux/AP

Илон Масктың Starlink жобасына бәсекелес болуды көздеген Джефф Безостың компаниясы өз интернет-желісін ғарыш арқылы таратпақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Amazon технологиялық алыбы Жерге жақын орбитаға 27 спутникті сәтті ұшырды. Бұл — компанияның Kuiperатты ғаламдық интернет-жобасының алғашқы кезеңі ғана.

Жоба аясында жалпы саны 3236 спутник ұшыру көзделіп отыр. Мақсат — алдымен АҚШ аумағын, кейін бүкіл әлемді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту.

10 миллиард долларлық бұл бастама Starlink жүйесімен тікелей бәсекелеске айналмақ. Илон Масктың жобасы бірнеше жыл бұрын іске қосылып, қазіргі таңда орбитада 6500-ден астам спутникке ие. Ал Amazon алғашқы қызметтерін 2025 жылдың соңына қарай ұсынбақ.

Компания бұған дейін 2023 жылы алғашқы екі сынақ спутнигін ұшырған. Ал қазіргі 27 спутник — олардың жетілдірілген нұсқасы. Олар Жер бетінен 630 шақырым биіктікте орнатылған.

Бірақ спутник санының күрт артуы астрономдар арасында алаңдаушылық тудыруда. Олар бұл құрылғылардың телескоптық бақылауға кедергі келтіретінін, тіпті орбитадағы соқтығыстарға әкелуі мүмкін екенін ескертуде.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды