Атырауда басшылық қызметте болған жүкті әйелді өз үйінде қатыгездікпен өлтіріп кеткен

30.04.2025, 10:50
1998
Атырауда басшылық қызметте болған жүкті әйелді өз үйінде қатыгездікпен өлтіріп кеткен әлеуметтік желіден

Марқұм Бибігүл 20 жылдан астам уақыт мұнай-газ саласында жұмыс істеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген 38 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті қамауға алынған.

Адам құқықтары жөніндегі бюро Facebook желісіндегі парақшасында Атыраудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде денесі табылған марқұм әйелдің туыстары жүгінгенін жеткізген.

Atyrau Online мәліметіне сүйенсек, марқұмның аты-жөні – Бибігүл Шпанова. Бюро хабарламасына сай, марқұм әйел 1979 жылы туған және NCOC компаниясында бөлім басшысы қызметін атқарған. Ол көп жыл бойы мұнай-газ саласында жұмыс істеген. Алдын ала деректер бойынша, марқұм жүкті болған.

"Алдын ала дерек бойынша марқұмның денесінде пышақ іздері анықталған, үйдегі сейф ашылған күйде болған. Бибігүл Шпанова - елдегі ең ірі деген жобаларды, оның ішінде Қашағанды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосқан кәсіби мамандардың бірі" , - делінген хабарламада.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен ақпаратқа қарағанда, күдікті әйелді үйінде өлтірген. 

"Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, 1979 жылғы әйелді тұрғын үйінде өлтірген 1987 жылғы күдіктіні ұстады. Күдікті қамауға алынды. Одан заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2 бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеу департамент бастығының бақылауына алынған.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды