1131

АҚШ Еуропаға Путинмен келіссөзді тығырыққа тірегенін жеткізген

Путин «парад кезінде ғана 3 күндік бітімге келейік» десе, Зеленский «мазақты қойып, 30 күндік бітімге келейік» деп отыр.

АҚШ Еуропаға Путинмен келіссөзді тығырыққа тірегенін жеткізген
Nathan Howard/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Еуропа елдеріне Владимир Путинмен жүргізілген келіссөздер нәтижесіз аяқталғанын жеткізген. Ресей басшысы Украинаға өз армиясын сақтауға рұқсат беруден бас тартқан. Бұл талапты Украинамен қатар АҚШ та қолдаған болатын дейді Financial Times басылымы.

Басылымның дерегінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты бейбіт жолмен шешуге қатысты жоспарын тоқтатуға жақын. Келіссөздерден айтарлықтай ілгерілеу болмағанын сылтау етіп, бұл үдерістен бас тартуы мүмкін. Ақ үй өкілдері соңғы екі айда Кремльмен кем дегенде алты рет кездескенімен, ешқандай нәтиже шықпағанын мойындаған.

Путиннің қатаң ұстанымына байланысты Трамп кез келген келісімге жылдам келуге бейіл, тіпті ол бастапқы мақсаттарынан әлдеқайда әлсіз болса да. Ақ үй Кремльге санкцияларды жою, бірлескен жобалар мен Қырымды мойындау сияқты ұсыныстар жасаған. Алайда Путин "денацификация" талабынан бас тартпай отыр және Украинаның қорғаныс армиясын сақтауға қарсы.


АҚШ вице-президенті: "Соғыс ядролық қақтығысқа ұласуы мүмкін"

АҚШ вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнс соғыс жалғаса берсе, миллиондаған адам қаза тауып, жағдай ядролық соғысқа ұласуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, "бұл тоқтауы керек", және президент әкімшілігі осы мақсатта белсенді жұмыс істеп жатыр.

Вэнс Украинадағы бейбіт келіссөздерге қатысты бұрынғыға қарағанда әлдеқайда үмітті екенін де жасырмады. Ол келіссөз нәтижесіз аяқталса, АҚШ бұл үдерістен шығып кететінін ескертті.


Кремль: Тұрақты бітім – нюанстарсыз мүмкін емес

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей бітімге келуге дайын екенін, бірақ ол "кейбір шарттар мен нюанстарсыз" мүмкін емес екенін мәлімдеді.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский болса, "соғысты дереу, толық және сөзсіз тоқтату" қажеттігін айтты. Ол бітімнің кемінде 30 күнге созылуын ұсынып отыр. Бұл ұсыныс Путин жариялаған 8–10 мамыр аралығындағы үш күндік бітімге жауап ретінде айтылды.

Зеленский: "Біз парадтан гөрі адамдардың өмірін бағалаймыз. Сондықтан әлем 8 мамырды күтудің қажеті жоқ екенін түсінеді", – деді.

Материал авторы