«Мина жарылып кеткен»: Көшеде жатқан затты тепкен 11 жасар бала комаға түсті

Азиз Қалижан Редактор
30.04.2025, 14:57
986
«Мина жарылып кеткен»: Көшеде жатқан затты тепкен 11 жасар бала комаға түсті iStock / SolStock

Баланы жол жиегінен жантүршігерлік күйде тауып алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың наурыз айының соңында Ресейдің Забайкалье өлкесінде 11 жастағы Боря* (есімі өзгертілген) ауыр жарақат алып, комаға түсті. Оны жол жиегінен жантүршігерлік күйде тауып алған: баланың беті мен мойны күйікке ұқсас ауыр жарамен жабылған, ал өзі ауырсынудан жүре алмай, жолға қарай еңбектеп бара жатқан.

Алғашында бірнеше нұсқа айтылды: біреулер баланың электронды темекі тауып, оны аузына салып жарып жібергенін болжады. Енді біреулер ол белгісіз жарылғыш затты тепті десті. Тек бірнеше аптадан кейін шындық белгілі болды — ол минаның тұтатқышын тепкен екен. Бұл ақпаратты КП-Иркутск дереккөзі растады.

Мейірімді бала — өмір үшін күресте

Боря көпбалалы отбасында өскен. Ауыл тұрғындары оны тәрбиелі, мейірімді, жақсы оқитын, спорт пен волонтерлікке белсенді араласатын бала деп сипаттайды.

2025 жылғы 29 наурызда кешке Боря достарымен серуендеуге шығып, тасталған ғимараттар мен өзен маңына барған. Сол маңда олар күмәнді затты тауып алған.

— Дәл сол жерде, баланың қасында, өзендік минаның тұтатқышы жарылған. Минаның өзі емес, тек тұтатқыш бөлігі ғана, — дейді оқиғаға жақын дереккөз.

Күйіп қалған тері — күрделі ота

Ауыр жарақаттан кейін Боря біраз уақыт ес-түссіз жатты. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін тері трансплантациясын жасады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы біршама тұрақталғанымен, толық оңалу үшін әлі де ұзақ ем қажет.

Минаның қалай және қайдан сол маңға түскені әзірге белгісіз.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады