Атыраулық жүкті әйелді тонап, өлтіріп кеткен күдіктінің фотосы жарияланды

30.04.2025, 16:14
6411
Атыраулық жүкті әйелді тонап, өлтіріп кеткен күдіктінің фотосы жарияланды SMARTNEWS.KZ коллажы

Күдікті марқұм тұратын элиталы үйдің сантехнигі болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген 38 жастағы ер адамның суреті жария болды. Суретті атыраулық блогер Рүстем Баязиев жариялады.

Айта кетейік, Атырау қаласындағы «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінде орын алған жан түршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Аталған қайғылы оқиғаға байланысты күдіктінің фотосы Instagram желісінде таралып, оны атыраулық блогер Рүстем Баязиев жариялады.

Блогердің айтуынша, күдікті марқұм тұрған үйде сантехник болып жұмыс істеген. Ол пәтерге кіріп, әйелді өлтіріп, мүліктерін алып кеткен деген болжам бар.

Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Полиция 1987 жылы туған күдіктіні ұстағанын мәлімдеп, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «кісі өлтіру» бабымен іс қозғалды.

Еске салайық, Атыраудағы элиталы үйлердің бірінде 46 жастағы жүкті әйел Бибігүл Шпанованы бәзбіреу аяусыз өлтіріп, құнды заттарын тонап кеткен еді. Адам құқықтары жөніндегі бюроның хабарламасына сай, марқұм әйел 1979 жылы туған және NCOC компаниясында бөлім басшысы қызметін атқарған. Ол көп жыл бойы мұнай-газ саласында жұмыс істеген. Алдын ала деректер бойынша, марқұм жүкті болған.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды