Қарағандыдағы сатушы қыздың өлімі: қаскөй өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты

30.04.2025, 17:35
1437
Қарағандыдағы сатушы қыздың өлімі: қаскөй өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты әлеуметтік желіден

Марқұмның туысы мені өлтірмекші дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 29 сәуір күні Қарағанды облысы Саран қаласындағы дүкен иесінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Бұл туралы Halyqstan Telegram-арнасы жазды.

Айыпталушы — 51 жастағы ер адам, ол 27 жастағы әйелді дүкенінде пышақтап өлтіріп, ақшаны алып қашқан деп күдікке ілінген.

Сот отырысында күдікті процесті жабық режимде өткізуді сұрап, өз өміріне қауіп төніп тұрғанын алға тартты. Оның айтуынша, марқұмның туыстарының бірі оған «Сен – өліксің» («Сені өлтіремін» деген сыңайда) деп айтқан.

Дегенмен, судья бұл өтінішті қанағаттандырмады, себебі нақты қауіп дәлелденбеген. Кейін жәбірленуші тараптың туыстары залдан өз еркімен шығып кетті, себебі сотталушы олардың қатысуымен жауап беруден бас тартқан.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға биыл 22 қаңтарда болған. Күдікті жергілікті шағын маркетке шабуыл жасап, 27 жастағы сатушы әйелді пышақпен жарақаттаған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Қылмыскер кассадан ақшаны алып, қашып кеткен.

Сот барысында сотталушы қарақшылық жасағанын мойындады, алайда кісі өлтіру ниеті болмағанын айтты. Оның сөзінше, әйел қарсылық көрсетіп жатқанда, пышаққа өзі соғылып қалған. Сонымен қатар, ол есірткі әсерінде болғанын және оқиға барысын толық есіне түсіре алмайтынын жеткізді. Кассада 180 мың теңге емес, 30 мың теңге ғана болғанын айтып, бұл ақшаны сол күні есірткіге жұмсағанын да мойындады.

Сотталушының айтуынша, оны бұл қылмысқа бұрыннан таныс бір адам итермелеген және дәл сол адам оған пышақ берген.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды