Рахат Әлиевтің анасы өмірден өтті
Ол мен үшін ерекше жан еді дейді немересі Нұрәлі Әлиев.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Рахат Әлиевтің анасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевтің әжесі Минавар Қадишқызы Әлиева өмірден озды. Бұл туралы Нұрәлі Әлиев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Бүгін менің сүйікті әжем Аника (Минавар Қадишқызы) бізден мәңгілікке аттанып, мәңгілік мекенге көшті. Ол мен үшін ерекше жан еді – мен бала күнімді оның қасында өткізіп, сол кісінің жанында өстім. Әжем менің тәрбиеме зор ықпал етті, өмірімді ұмытылмас махаббат пен ақыл-кеңеске толтырды.
Ол мейірімнің, даналықтың және сұлулықтың үлгісі болды – біздің өміріміздегі шынайы жарық, оның қасынан әрдайым жылылық пен тыныштық сезілетін. Ол әрқашан жүрегімде өмір сүре бермек, - деп жазды Нұрәлі Әлиев және әжесімен бірге түскен суретін жариялады.
Әлиевтің айтуынша, бұл сурет екі күн бұрын, әжесімен жеке кездесу кезінде түсірілген.
Бұл – мен мәңгі сақтайтын тамаша естелікке айналды, - деп қосты ол.
Материал авторы