1542

Ақтөбелік студент жасанды интеллект арқылы Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады

Көркемай Елеусіз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерекше жоба жасап шықты.

Ақтөбелік студент жасанды интеллект арқылы Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында 2-курс оқитын Көркемай Елеусіз Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерекше жобаны жүзеге асырды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, студент жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін пайдаланып, батырдың ерлігі мен рухын қазіргі заман талабына сай жеткізетін комикс жасады.

Жоба бастауыш сынып оқушыларына арналған және Әлия Молдағұлова туралы ақпаратты жеңіл әрі қызықты формада ұсынуды көздейді. Комикс, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа мотивация беріп, ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосуды мақсат етеді.

Бұл жобаның ерекшелігі – жасанды интеллекттің шығармашылық салада қолданылуы, сондай-ақ тарихи тұлғаның ерлігін жаңа формада танытудағы жаңашылдық, - делінген мәліметте.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор