Ұлттық ұлан Ұлы Жеңістің 80 жылдығын патриоттық акциямен атап өтті

02.05.2025, 10:27
1726
Ұлттық ұлан Ұлы Жеңістің 80 жылдығын патриоттық акциямен атап өтті ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Патриоттық акцияда сарбаздар батыр бабалардың ерлігін еске алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мерейлі датаға орай ұландықтар Астанада өнер мен әскери рәсімдерді біріктіретін ауқымды акция өткізді. 80 әскери қызметші Ұлы Жеңіске қол жеткізген атаулы күннің құрметіне "80" санын тарту етті.

Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасының жауынгерлері саптықөнерді жетік меңгергендігін көрсете отырып, ерекше шеберлік көрсетті: оларалдымен алаңда батылдық пен ерліктің символы — жұлдызды суреттеп, әскери марш ырғағымен жұлдыз пішінін "80" санына өзгертті. 

Бірегей қойылым Үлгілік-көрсетімді  оркестрдің сүйемелдеуімен жәнеЕрлер хорыныңЖеңіс күні" әнін жанды дауыста орындауымен жүзеге асты. Құқықтық тәртіп әскерінің шығармашылық ұжымының өнері сымбатты да біркелкі сарбаздардың Жеңіс мерейтойына арнаған тартуына ерекше сән-салтанат берді. Мерекелік композиция астаналық бригаданың саптық алаңын асқақ рух пен отансүйгіштікке толы атмосфераға бөледі.

Біз батыр бабаларымыз бен ардагер аталарымызға бейбіт күн үшін құрмет көрсетеміз. Олардың ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері үшін елге қызмет етужәй ғана міндет емес, Отан қорғаушылардың ұлы дәстүрін жалғастыру, — дейді шараға қатысушылар.

Патриоттық акция Ұлы Жеңіс пен ұрпақтар бірлігін, құндылықтар сабақтастығы мен әскери антқа адалдықты дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы батырлар туралы естеліктерді сақтап, олардың ерлік пен жанқиярлық үлгілері арқылы жастарды тәрбиелеуді жалғастыра бермек.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды