Трамп 8 мамырды АҚШ-тың соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

02.05.2025, 09:45
728
Трамп 8 мамырды АҚШ-тың соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады Drew Angerer / Getty Images

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қараша мен 8 мамырды Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күндері деп жариялады.

«Мен 8 мамырды – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні, ал 11 қарашаны – Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп қайта атаймын», – деп жазды Трамп Truth Social платформасында.

АҚШ-та 11 қараша – Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні ретінде Ардагерлер күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн 1918 жылы Антанта мен Германия арасында Компьен орманында бітім жасалған күнге сәйкес келеді. Бастапқыда бұл мереке «Бітім күні» деп аталып, 1926 жылы ұлттық мерекелер қатарына қосылған. 1954 жылы оның атауы өзгертіліп, соғыс ардагерлеріне арналған күнге айналды.

8 мамыр – АҚШ-та Еуропадағы Жеңіс күні ретінде есте қалатын күн, алайда бұл дата федералды деңгейде ресми мереке болып саналмайды. АҚШ-тағы басты әскери-мемориалдық күн – Мамырдың соңғы дүйсенбісі – «Еске алу күні» болып саналады. Бұл күні америкалықтар елдің әртүрлі соғыстарында қаза тапқан жауынгерлерді еске алады.

«№35 көлігім»: Айнұр Тұрсынбаеваның туған күніне бауырлары көлік мінгізді (ВИДЕО) «Балаларыма пәтерімді тастап кеттім»: Жігер Ауыпбаев неге пранк жасағанын айтты Кәсіп пен табыстың жарқын өкілдері: 100 үздік студент Мопедте отырған курьерді еркектер ұрып тастаған (ВИДЕО) Мақпал Жүнісова анасына ерекше сыйлықты тарту етті (ВИДЕО) «Соңына дейін барамын»: Нұрболхан Шарапов қан-жоса күйінде көрінді Астаналық жалаңаш ер адам подъезде қыз баланы қорқытқан (ВИДЕО) Орал қаласында доп теуіп жүрік, ток соққан бала көз жұмды Бір топ жасөспірімге әлімжеттік көрсеткен оқушының ісін министр бақылауға алды Шиелі балабақшасындағы бала қатарласын 25 жерінен тістеп тастаған Енді шенеуніктер қол астындағыларға айқайлауына болмайды Грекияда әскери нысандарды суретке түсірді деген күдікпен Ресейлік тыңшы ұсталды Нью-Йорктегі еврей қауымдастығы қазақ халқына алғыс білдірді АҚШ пен Қытай «Сауда соғысына» байланысты келіссөз бастауы мүмкін Ақтөбелік келіншек туыстарын үй алып беремін деп алдап соққан Ұлттық ұлан Ұлы Жеңістің 80 жылдығын патриоттық акциямен атап өтті Болашақ – бүгін: Visa ЖИ негізіндегі жаңа сауда дәуірінің басталғанын хабарлайды Трамп 8 мамырды АҚШ-тың соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады «Бүгін бұршақ жауады»: «Қазгидромет» күн райы болжамын жариялады «Лифтіні сындырған»: Астанада екі ер адам лифтіде бір-бірін сүйген (ВИДЕО)