Грекияда әскери нысандарды суретке түсірді деген күдікпен Ресейлік тыңшы ұсталды

02.05.2025, 12:28
2492
Грекияда әскери нысандарды суретке түсірді деген күдікпен Ресейлік тыңшы ұсталды Petros Giannakouris/The AP

Күдікті суреттерді арнайы шифрланған хабарлама арқылы шетелге жолдап отырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Грекияның солтүстік-шығысындағы Александруполис қаласында 59 жастағы этникалық грек (Грузиядан шыққан) шетелге құпия әскери ақпарат жіберді деген күдікпен тұтқындалды. Оның ұялы телефонынан әскери нысандар мен жабдықтардың суреттері мен видеожазбалары табылған.

Грек полициясының хабарлауынша, күдікті бұл материалдарды арнайы шифрланған мессенджер арқылы шетелге жолдап отырған. Kathimerini басылымы тергеу мәліметтеріне сүйене отырып, тыңшылық операциясының мақсаты — диверсиялық әрекеттер болуы мүмкін екенін жазады.

ERTnews дерегі бойынша, күдіктіні шетелде жүрген адам вербовка жасаған. Ол — халықаралық қылмыстық ұйым мүшесі әрі Ресейдің әскери барлау қызметі (ГРУ) қызметкері болуы ықтимал.

Жергілікті e-evros.gr сайтының мәліметінше, тыңшыны вербовка жасаған адам Литвада тұтқындалған. Ол бұрынғы Кеңес Одағында туған, грек төлқұжаты бар экспат.

Істі Грекияның Ұлттық барлау қызметі тексеріп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады