1936

Орал қаласында доп теуіп жүрік, ток соққан бала көз жұмды

Аулада ойын үстінде токқа түскен бала ауруханада қайтыс болды.

Орал қаласында доп теуіп жүрік, ток соққан бала көз жұмды
instagram.com/krisp.tdk

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласында ток соққан 9 жастағы бала ауруханада қайтыс болды.
 
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 1 мамырдан 2-сіне қараған түні көз жұмды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын жеткізді.

- Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор