Астаналық жалаңаш ер адам подъезде қыз баланы қорқытқан (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
02.05.2025, 15:55
2005
Астаналық жалаңаш ер адам подъезде қыз баланы қорқытқан (ВИДЕО) бейнежазбадан

Қаскөй жалаңаш жүргені үшін ескерту жасаған көрші әйелді де ұрып тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада бүлдіршін подъезде көршісі тарапынан жантүршігерлік жағдайға тап болғанын ата-анасына айтып берген.

Оқиға Тәшенов көшесі, 2/3 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Куәгерлердің айтуынша, бұл ер адамға қатысты бірінші шағым емес.

— Қыз бала анасына және көршілерге подъездегі жалаңаш көршісі өзін қорқытқанын айтыпты. Қатты қорыққанынан қабырғаға жабысып тұрып қалған. Бұл жағдай бізді алаңдатып отыр, өйткені балалар үшін қауіп бар. Ержан есімді бұл азамат үнемі агрессия көрсетіп, көршілермен жанжал шығарып, тіпті төбелеседі.

Жақында көршісі оған жалаңаш жүргені үшін ескерту жасаған кезде, әйелді сол жерде ұрып-соққан. Әйел адамның айтуынша, ол балаларға тиіспек болған не болмаса оларды әдейі қорқытқан. Сол себепті әйел полицияға арыз жазды, – делінген тұрғындардың хабарламасында.

Қазір зардап шеккен әйел үйден шығуға қорқып отыр.

Полицияның Liter.kz редакциясына берген жауабында аталған азамат анықталып, сот-медициналық сараптама тағайындалғаны айтылды. Сараптама нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданатын болады.

 

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды