3546

«Соңына дейін барамын»: Нұрболхан Шарапов қан-жоса күйінде көрінді

Әзілкеш соққыға жығылған болуы мүмкін.

«Соңына дейін барамын»: Нұрболхан Шарапов қан-жоса күйінде көрінді
жеке мұрағаттан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов Instagram парақшасында қан-жоса боп, жарақат алған суретін жариялады. Жазбасында ол соңғы уақытта әлеуметтік желіде белсенді болмауының себебін түсіндірді.

— Инстаграмға шықпай қоюымның себебі – осы. Мен бұны жай қалдырмаймын. Соңына дейін барамын, – деп жазды Шарапов.

Суретте оның ауыр соққыға жығылғаны байқалады. Әзірге нақты не болғаны белгісіз. Ол оқиғаның мән-жайын ашып айтпаған.

Желі қолданушылары әзілкешке қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуін тілеуде. Ал әзірге Нұрболханның кімнен және не үшін зардап шеккені туралы ресми ақпарат жоқ.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор