2850

Мақпал Жүнісова анасына ерекше сыйлықты тарту етті (ВИДЕО)

Мақпалды тапқаныма қуанамын деді анасы.

Мақпал Жүнісова анасына ерекше сыйлықты тарту етті (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші екі жыл бұрын «Құрмет» орденін алған еді. Сол марапатты анасына сыйлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ағамыздың қолы қойылған «Құрмет» орденін сіздің кеудеңізге тағып кеткім келеді. Осы қара шаңырақта сақталсын. Мені туғаныңыз үшін рақмет. 12 баланы дүниеге әкелген құрметті анасыз. Біз сізбен мақтанамыз», – деді әнші. 

Өнер иесінің анасы Үміт те жүрекжарды тілегін білдірді. 

Мақпалды тапқаныма қуанамын. Орден тақты. Моншақ тақты. Бәріне шүкір», – деді анасы. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің анасын қызу талқылап жатыр. 

«Апамыз 88 жаста болса да әлі тың екен», «Қандай керемет адам», «Мақпалдың күлкісі анасына ұқсайды», «Халық әртісі сияқты әзілге жақын екен», «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды деген сөз рас-ау», – деп жазды көпшілік. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор