«Балаларыма пәтерімді тастап кеттім»: Жігер Ауыпбаев неге пранк жасағанын айтты

Азиз Қалижан Редактор
02.05.2025, 18:45
17393
«Балаларыма пәтерімді тастап кеттім»: Жігер Ауыпбаев неге пранк жасағанын айтты жеке мұрағаттан

Мені біреу сиқырлады, ауырдым дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, балаларымен араласып тұратынын айтты. Бұл туралы ол журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында айтып берді. 

 

«Ең бастысы, пәтерімді беріп кеттім. Үйсіз-күйсіз жүрген жоқ. Балалармен араласып тұрамыз. Менің пранк жасап жатқанымды біледі. Әзіл ретінде түсінеді деп ойлаймын. Өнерге жақын. Бет көріспей кеткен күніміз болған емес», – деді Жігер. 

Одан кейін өзінің де денсаулығы сыр беріп, сиқырланғанын да жасырмады. 

«3 жылдың ішінде басымнан көп нәрсе өтті. Қазір қалыпқа келдім. Тіпті достарыммен де араласа алмай, оқшауланып кеткен едім. Біраз уақыт ауырдым, ашығын айтқанда, менде сиқыр болды. Денеме белсіздікке жасалған сиқырлардан біраз нәрселер шығып кетті. Осы нәрселерден айыға алмай жүрдім. Сол мақсатта да Умраға жиі бардым, дем салдырдым. Ән дайын тұрады, бірақ шығара алмай, үйде жата бергім келді. Жұмыс бастайын десем, өнбейді. Сондықтан үзілістер болып қалды», – дейді ол. 

Одан кейін пранк жасауға қанша теңге кеткенін де жасырмады. 

«Жалпы, пранк дегенді мен ойлап таппадым. Қоғамда бар дүние еді. Ешкім мұндай оқиғаны күтпеді. Розаға келсек, ол менің – досым. Сәуір айында тұрмысқа шықты. Әлеуметтік желіге бірге видео салдық. Содан халық шулап кетті.

Пранкты достарымның қолдауымен жасадым. Қонақтарды таңғалдырғымыз келді. Көбі түсінбей қалған сияқты. Ауылдағы ата-анам да хабарласты. Әкем ұрысты, анам уайымдады. Соңы жақсы аяқталды. Бірақ қонақтардың жүзінен таңғалудан бұрын, ренішті байқадым. Мейрамханадағы бос үстелдердің өзі күдік тудырған шығар. Бірақ фуршет жасадық. Қалыңдық көйлегінен бастап, пранкке 2 миллион 500 мыңдай ақша жұмсалды», – деді әнші. 

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды