1675

«Цунами қаупі бар»: Чили мен Аргентинада жойқын жер сілкіністері тіркелді

Жер асты дүмпулері әлі жалғасуда.

«Цунами қаупі бар»: Чили мен Аргентинада жойқын жер сілкіністері тіркелді
Aton Chile, Alejandro Pizarro via AP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Чили мен Аргентина тұрғындары жұма күні жер сілкінісінен зәресі ұшып, қауіппен өткізді. Тынық және Атлант мұхиттарының түйісетін Дрейк бұғазы маңында таңертеңнен бастап жер асты дүмпулері тіркеле бастады.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, алғашқы сілкініс ең жойқын болған – магнитудасы 7,4.

CNN Chile басылымының жазуынша, билік жедел түрде цунами қаупін жариялап, жағалау маңындағы елді мекендерден тұрғындарды эвакуациялай бастады. Кейін кейбір өңірлерге төнген қауіп сейілгенімен, жер асты дүмпулері жалғасуда.

«Күні бойы сейсмологтар тағы 13 сілкіністі тіркеді. Олардың күші 6,4 балға дейін жетті. Барлығы да жер бетіне жақын – небәрі 10 шақырым тереңдікте болған», – деп жазды басылым.

Чили президенті Габриэль Борич халыққа үндеу жасап, барлық құтқару қызметтері жұмыс істеп жатқанын және тұрғындарға көмек көрсетілетінін айтты.

Metro агенттігінің мәліметінше, эпицентрден 300 шақырым радиустағы жағалауларда цунами болуы мүмкін.

Қазір адамдар үйлеріне оралуға қорқып отыр, ал сейсмологтар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Материал авторы