БҚО-да 5 жылға сотталған экс-шенеунік рақымшылыққа ілінді

14.03.2023, 19:33
607
БҚО-да 5 жылға сотталған экс-шенеунік рақымшылыққа ілінді Smartnews.kz

Орал қалалық сотында БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы бөлім басшысы, 29 жастағы Мирас Әнуаров пен 35 жастағы кәсіпкер Талап Сұлтанғалиевке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, М.Әнуаров пен Т.Сұлтанғалиев ҚР ҚК 195-бабы 4-бөлігі 2)-тармағына сәйкес (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен ірі көлемде мүліктік зиян келтіру) айыпты деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандықтарынан шектелді.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес сотталушылар жазадан босатылды.

Сотта анықталғанындай, М.Әнуаров Т.Сұлтанғалиевпен 2019 жылы алдын ала сөз байласқан.

Атап айтқанда, күн батареяларын сатып алу үшін шаруа қожалықтарының басшыларына субсидия алуға құжаттар жасауға жәрдем көрсеткен. Бұл ретте шаруа қожалықтарының басшылары ештеңеден күдіктенбеген, тіпті қажетті құжаттар мен өздерінің электрондық-цифрлық қолтаңбаларын тапсырған. Ал кәсіпкер күн батареяларын Алматы базарларынан төмен бағамен сатып алған.

Сотталушылардың заңға қайшы әрекеттері салдарынан мемлекетке 5,1 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Бұл ретте сотталғандар сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды