Ақтау көшелерінде тыр жалаңаш жүрген еркек кафеге кіруге оқталды (ВИДЕО)
Ер адам психдиспансерлік есепте тұрғаны анықталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудағы 11А ықшамауданындағы кафенің жанында жалаңаш ер адам жүрген. Куәгерлердің айтуынша, ол кафеге кіруге тырысқан, бірақ күзетші оның жолын бөгеген.
Бейнежазбада ер адамның киімін жазғы террасаға лақтырған көрінеді. Қысқа диалогтан кейін ол киіне бастаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның психикалық денсаулығына қатысты мәселелері бар.
«Азамат психикалық ауруға байланысты диспансерлік есепте тұр. Ол ата-анасына тапсырылды. Олардың айтуынша, ертең Қызылордаға жолға шығады», – деді полициядағылар.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор