«Сотталушылар күліп отыр»: Шерзаттың өліміне қатысты сотта тексеріс басталды

Азиз Қалижан Редактор
05.05.2025, 13:31
2155
«Сотталушылар күліп отыр»: Шерзаттың өліміне қатысты сотта тексеріс басталды Шыңғыс Белғожаев анасы, мобилограф

Айыпталушылардың ата-анасы балаларының күлген видеосын желіге таратқанына наразы болып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы кезінде айыпталушылардың жақындары сотталушылардың видеосы TikTok желісінде тарап кеткенін айтып, наразылық білдірді.

Айыпталушылардың бірі Нұрқияс Ілиясовтың әкесі камераға түсіруге тыйым салынған айыпталушылардың видеосы тарап кеткенін айтты. 

“Біз балаларымызды түсірмеңдер деп өтініш жасаған едік. Бірақ оларды түсіріп желіге салып жіберген. Олардың қатарында кәмелетке толмаған куәгер де бар”, – деді Нұрқиястың әкесі.

Оның айтуынша, әлдекім айыпталушылардың сот отырысынан күліп шығып бара жатқан сәтін түсіріп алған. Желіде тараған бұл видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

Айыпталушылардың жақыны видеоны түсірді деп отырған жігіттердің біріне нұсқады және оны сот залынан шығарып жіберуді сұрады.

Шыңғыс Белғожаевтың анасы нұсқаған жігіт жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шәкеевтің мобилографы болып шықты. Алайда ол сот отырысына бірінші күннен бері қатысып жатқанын және айыпталушыларды түсіруге болмайтынын әуел бастан білетінін айтты. Ол айыпталушыларды видеоға түсірмегенін жеткізді. 

“Мен – қорғаушы Мейірман Шәкеевтің мобилографымын. Видео телефонға емес, штативтегі камераға түсірілген”, – деді мобилограф.

Осы тұста судья сот кезінде тікелей эфир жүргізуге болмайтынын және айыпталушыларды түсіруге тыйым салынғанын ескертті.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген