Ердоғанның басты қарсыласы Озгүр Өзелге Ыстамбұлда шабуыл жасалды

05.05.2025, 17:05
1024
Ердоғанның басты қарсыласы Озгүр Өзелге Ыстамбұлда шабуыл жасалды ANKA Haber Ajansı

Ыстамбұлда Түркия оппозициясының лидері Озгүр Өзелге шабуылдаушы бұрын өзінің екі баласын өлтірген қылмыскер боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Республикалық халық партиясының (РХП) төрағасы Озгүр Өзел Стамбулда, депутат Сырры Сюрейя Ондәрдің жерлеу рәсімінен кейін шабуылға ұшырады. Оқиға Таксим алаңындағы Ататүрік мәдениет орталығында өткен рәсімнің соңында болған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда Өзелдің басын ұстап тұрғаны, ал күзетшілердің шабуыл жасаған адамды жерге жығып, ұстағаны анық көрінеді.

Шабуылдаушы — бұрын екі баласын өлтірген қылмыскер

Habertürk дерегінше, шабуыл жасаған адам – 66 жастағы Сельчук Тенгиоғлу есімді жұмыссыз азамат болып шықты. Оның үш қылмыстық жазасы бар, соның ішінде 2004 жылы өз екі баласын өлтіріп, өмір бойына сотталған. Алайда ол 2020 жылы шартты түрде босап шыққан.

Шабуылды саяси арандату деп бағалауда

РХП-ның Диарбакирдан сайланған депутаты Зенгин Танрыкулу шабуылдаушыны «Осман империясының ұрпағымыз» деп ұрандатқан арандатушы» деп сипаттады.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Өзелге телефон шалып, шабуылды қатаң айыптап, оқиғаның барлық мән-жайы анықталатынын жеткізді.

Биліктегі Әділет және даму партиясының (ӘДП) баспасөз хатшысы Өмер Челик те бұл әрекетті айыптап:

«Бұл – кез келген саяси институтқа жасалған шабуыл, мұндай бассыздық заң алдында жауапсыз қалмайды», – деді.

Оппозиция мен қоғам өкілдері наразылық білдіруде

Қазір түрмеде отырған Стамбулдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоғлу шабуылды «жиіркенішті» деп атап:

«Осы оқиғаның артындағы адамдар мен олардың байланыстары дереу ашылуы керек. Ел басқарып отырғандар «қиратып, бөлудің» риторикасынан таймаса, мұндай арандатушылардың саны артатыны анық», – деді.

Марқұм Сырры Сюрейя Ондәр мүше болған Теңдік пен демократия халық партиясы да ресми мәлімдеме жасады.

«Бұл шабуыл — бейбітшілік пен демократияға бағытталған арандату. Біздің партиямыздың бауырластық пен бейбіт өмір сүруге бағытталған саясатына қарсы жасалған қаскүнемдік», – деп мәлімдеді.

 

Шабуыл жасаушы ұсталды

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая X әлеуметтік желісінде шабуыл жасаған азамат С.Т. ұсталғанын хабарлады. Ол:

«Қоғамдағы тыныштықты бұзу мақсатында жасалған кез келген шабуыл заң алдында лайықты жазасын алады», – деді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды