Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

15.03.2023, 12:41
332
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді akorda.kz

15 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Отырыс барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді.

"Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті", – делінген ресми хабарламада.

Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

«Хас сұлудың өзі»: Мақпал Жүнісова жаңа образымен ел назарын өзіне аударды (ФОТО) «Танымал адамдарды бопсалаған»: Атышулы QirSabyn анонимді Telegram-арнасын құрғандар қамауға алынды «Анамнан айырмаңыздаршы»: Қаржаубай Нұрымовтың жиені қамауға алынған анасына араша сұрады (ВИДЕО) «Алимент төлемейді»: Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған ұлы бар екені туралы қауесетке жауап берді Енді тәліптер Ресей үшін «лаңкес ұйым» саналмайды Ұлттық экономика министрі Байбазаров қызметінен кетті Қостанай облысында су тасуына байланысты жол жабылды Еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Астана көшелері қашанғы су астында қалады? «Аңыз адам» дей беріңдер»: Қайрат Нұртастың анасы халыққа алғыс айтты «Қазақстанда ақша қалдырып кетуі керек»: Маңғыстау облысында казинолар ашылмақ Еліміздегі сақтандыру компаниялары биыл қанша табыс тапты? 3 жасар баланың көзіне пышақ кіріп кетті Рыбакина «тәубесіне» келе бастады ма? Әкімдік алдында өзін өртеп жіберген адамға қатысты Маңғыстау әкімі түсінік берді «Димаштың әнін Заттыбек айтса»: танымал әзілкеш Заттыбектен кешірім сұрады Ұлттық спорт ойындарын өткізетін дұрыс нысан да жоқ – депутат «Бәрі бітті!»: Меруерт Түсіпбаева жеке өміріне нүкте қойды Қазақстан футбол федерациясына жаңа басшы келді Ақтөбе облысында аязда баланы жартылай жалаңаш көшеге алып шыққан әйел желідегілерді ашуландырды