Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы Қазақстан сарбаздарына құрмет көрсетті
80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті.
Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.
Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші