Сауд Арабиясы 4 күндік жұмыс аптасына көшуді қарастырып жатыр

15.03.2023, 14:14
1301
Сауд Арабиясы 4 күндік жұмыс аптасына көшуді қарастырып жатыр smartnews

Сауд Арабиясы жұмыс аптасын қысқартып, үш демалыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы елдің Адам ресурстары және әлеуметтік даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Al Arabia арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі сауалға министрліктің Twitter-дегі қолдау тобы қазіргі уақытта жұмыс жүйесі қайта қаралып, демалысты екі күннен үш күнге ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

Өзгерістер министрліктің бірнеше рет бағалауымен қаралады.

Сарапшылар жұмыс орындарының санын ұлғайту және жергілікті және халықаралық инвестициялар үшін еңбек нарығының тартымдылығын арттыру жолдарын сараптайды.

Жұмыс аптасын қысқарту құжатының жобасы қоғамдық талқылауға арналған сауалнама платформасында да бар.

Жоба жүзеге асса, Сауд Арабиясы қысқартылған жұмыс аптасын енгізген Біріккен Араб Әмірліктерінен кейінгі екінші ел болады.

2022 жылдың 1 қаңтарында БАӘ жаңа 4½ күндік жұмыс аптасына ауысып, демалыс күндерін жұма-сенбіден сенбі-жексенбіге ауыстырды.

Жұма күндері бюджеттік ұйымдар мен мектептер тек түске дейін жұмыс істейді.

БАӘ-дегі Шарджада қызметкерлер аптасына үш күн - жұма, сенбі және жексенбі күндері демалады.

Шарджада төрт күндік жұмыс аптасы енгізілгеннен кейін бір жылдан астам уақыт өткенде үкімет жүргізген зерттеу жұмысшылардың өнімділігі, психикалық денсаулығы 90 пайызға артқанын көрсетті.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді