«Путин, сылтауратпашы!»: Зеленский 15 мамыр күні Ыстамбұлда Путинмен шұғыл кездесуге баратынын айтты

12.05.2025, 10:30
829
«Путин, сылтауратпашы!»: Зеленский 15 мамыр күні Ыстамбұлда Путинмен шұғыл кездесуге баратынын айтты The Associated Press

Путин болса, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісін тойлап жүр деп мысқылдады Трамп.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Зеленский Путинді 15 мамыр күні Стамбұлда күтетінін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Украина мен Ресейді «шұғыл кездесуге» шақырған болатын.

Украина президенті Владимир Зеленский 15 мамырда Түркияда Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей кездесуге дайын екенін айтты.

«Біз ертеңнен бастап толық әрі ұзақ мерзімді атысты тоқтатуды күтеміз – бұл дипломатиялық шешімге жол ашуы керек. Адам өлтіруді созудың еш мәні жоқ.

Мен бейсенбі күні Путинді Түркияда, жеке кездесуге күтемін. Бұл жолы Ресей сылтау айтпайды деп үміттенемін», – деді Зеленский.

Кешкі үндеуінде ол тағы да:

«Біз Ресейден нақты жауап күтеміз. Бұл соғысты тоқтатуға тура келеді. Қан төгуді доғару керек. Егер Ресей жауап бермесе, Украина әскерлері әділ әрі тең жауап беруге дайын», – деді.

Президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак та пікір білдіріп:

«Алдымен – атысты тоқтату. Қалғанын кейін көреміз.

Президент Зеленский соғысты тоқтату үшін барын салуға дайын және Путинді бейсенбіде күтеді.

Ал Путин ше? Қорқа ма? Көре жатармыз», – деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін:

«Путин атысты тоқтату келісіміне келгісі келмейді. Ол бейсенбі күні Түркияда кездесіп, қанды соғысты тоқтату туралы келіссөз жүргізгісі келеді. Украина бұған КЕШІКПЕЙ келісуі тиіс. Кем дегенде, келісімге келу мүмкін бе – соны анықтап алсын. Егер келісе алмаса, Еуропа мен АҚШ жағдайды нақты бағалап, тиісті әрекет ете алады. Мен Украина Путинмен келіссөзге барады ма, жоқ па – күмәндана бастадым. Путин болса, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісін тойлап жүр. Ол жеңіс АҚШ-сыз мүмкін болмас еді. ЖҮЗДЕСІҢДЕР. ДЕРЕУ!!!», – деп мәлімдеген.

Айта кетейік, жексенбі кешкісін Украинада әуе дабылы қосылып, Сумь облысында жарылыстар болғаны хабарланды.

Кремль әзірге бұл мәлімдемелерге ресми жауап берген жоқ.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады