880

LRT-ның ақшасын жымқырды деп айыпталған Талғат Ардан Түркияда ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы басшы қолға түсті.

LRT-ның ақшасын жымқырды деп айыпталған Талғат Ардан Түркияда ұсталды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «LRT ісі» бойынша халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы басшы Талғат Ардан Түркияның Анталья курортында қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеді.

Ол ұзақ уақыт бойы тергеуден бой тасалап жүрген. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Бұған дейін Астана қаласының соты Т.Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін прокурор Азамат Ермаханов LRT-ның ақшасын жымқырған күдіктілердің бірі қайда екенін Интерпол анықтады деп мәлімдеген еді.

Материал авторы