Америкалықтар асырап алған қарағандылық қыздар 20 жылдан соң елге оралды

Азиз Қалижан Редактор
13.05.2025, 10:47
469
Америкалықтар асырап алған қарағандылық қыздар 20 жылдан соң елге оралды instagram.com/gulmira_dairabaeva

Бауырсақтың дәмі есіме түсті дейді елге оралған Сүйкімді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кеше 20 жыл бұрын америкалық отбасы асырап алған қазақстандық қыздар Астанаға келді. Бұл туралы Хабар агенттігінің жаңалықтар қызметі жеткізді.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, АҚШ отбасы асырап алған Сүйкімді есімді ару 20 жыл өткен соң әпкесімен кездесті. Ұзақ жылдар бойы күткен сағыныш пен шексіз мейірімді түсіндіруге тіл кедергі болмаған. Себебі Сүйкімді 4 жасында балалар үйіне жіберіліп, 5 жылдан соң америкалық отбасы асырап алған.

"Мен қатты толқып тұрмын. Әпкемді көргеніме өте қуаныштымын. Мұндай мүмкіндік бергеніне ризамын. Қазақстанның менің елім екенін біліп өстім. Сан-Диего, Калифорниядағы дүкендерде бауырсақтар мен есімде қалған қазақ тағамдарын көргенде, мен сол туралы толық ақпаратты интернеттен іздейтін едім. Менің еліме, бауырыма деген махаббатымды сөзбен айтып жеткізу қиын", - дейді Сүйкімді Коллинс.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, қазақ қызы гимнастикадан 6 рет әлем чемпионатына қатысып, АҚШ туын биікке көтерген. 2005 жылы Зарина, Индира, Эльвира, Сүйкімді және Найляны бауырына басқан Шэрон қазір 17 немере сүйіп отыр. Оның 15-і қазақ қыздарының өмірге әкелген ұрпағы. Осы сапарында Шэрон үш қызын туған еліне алып келді.

"Бастапқыда телеарналардан 3 қазақ қызын асырап алатын отбасы іздеп жатқанын айтқан. Себебі бірінші өтініш берген отбасы бір себеппен бас тартыпты. Мен баланың сөзін телеарнадан естігенде жүрегім жібіп, жолдасыммен үлкен шешім қабылдадық. Құжаттарында қиындықтар болған соң, Қазақстанға келгенде әртүрлі отбасының екі қызы мейіріммен бізді құшақтап қарсы алды. Сол сәтте біз 5 балаға ата-ана бола аламыз деп шешім қабылдадық. Өкінген емеспіз. Осы балаларымды көлік жүргізіп, адал еңбекпен асырап, мейірім төгіп өсірдік. 40-тан асқанда әже атандым", - дейді Шэрон Коллинс.

4 жыл бұрын Калифорниядағы 25 қазақ баласын АҚШ-қа оқуға барған журналист Гүлмира Дайрабай іздеп тапты. Ол балалардың тұрмысын біліп, туған елі мен жері туралы ақпаратты бөлісіп, дүйім жұртқа таныстырды.

"Ол жерде қандай мақсат болды? Ол балалардың өмірі қалай болды екен? Арада 20 жыл өтті. Жақсы ма екен? Мен ойлаймын бұл енді үлкен жеңіс. Кетіп қалған балалардың еліне келіп, 20 жылдан кейін жетімдер үйіне баруына немесе туысқандарымен кездесуінің өзі, яғни мынау түптегі тамырдың белгісі деп ойлаймын. Соған кішкентайда септігім тигеніне қуаныштымын", - дейді Гүлмира Дайрабай. 

Журналист алдағы уақытта шетел асып кеткен біраз балалардың елге оралуына көмектесуге дайын. Бұл бастама тек игі істердің алғашқы қадамы болмақ. Одан бөлек бұған дейін сенат депутаты Дархан Қыдырәлі шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалар туралы кешенді зерттеу жүргізуді ұсынған болатын. 

"1999-2011 жылдар арасында шетелдіктер 8805 баланы асырап алған. Кәмелетке толмаған 3588 бала туралы есеп алынып тұрады. Өкінішке қарай есеп бермейтіндер де аз емес. Ең сорақысы 1999 жылға дейін қанша баланың шетелге кеткені жайлы мүлдем мәлімет жоқ", - деген еді сенат депутаты.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Оңтүстік Африка еліне кеткен 30 баладан хабар жоқ. Сонымен қатар АҚШ-тағы 104 және Бельгиядағы 113 баланың тағдыры белгісіз.

Маңғыстау жасөспірімдер арасындағы жүктілік бойынша көш бастап тұр «15 жылда тілімізден айырыламыз»: Қырғыздар қазақ тілінен қорқып отыр Трамп Америка түрмелеріндегі қылмыскерлерді Еуропаға жібергісі келіп отыр Фариза Төреәлі қызының тұсауын кесіп, қоныс той жасады (ВИДЕО) «Қайдағы кокаин?!»: Макронды «нашақор» деп айыптаған Ресей саясаткеріне Париж жауап қайтарды «Су ағызып жатыр»: Жетісуда бейіттерді су шайып кетті (ВИДЕО) Енді Германия Украинаға қару жібергені туралы ақпарат құпия болады «1 млн еуро беруге уәде берді»: Лондонда болгарлық Ресей тыңшылары қолға түсті Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот шешім шығарды «Путиннен өткен жағымсыз»: Трамп билікке қайта оралғаннан кейін АҚШ-тың әлемдегі беделі күрт төмендеді Америкалықтар асырап алған қарағандылық қыздар 20 жылдан соң елге оралды «Кішкентай інісі, өз әйелі мен өгей баласы»: Туыстарын аяусыз өлтірген қаскөй өмір бойына қамалды LRT-ның ақшасын жымқырды деп айыпталған Талғат Ардан Түркияда ұсталды Астаналық алаяқ әйел Вьетнамға «жоқ билеттер» сатқаны үшін ұсталды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады «Продюсерім – қылмыстық топтың басшысы болды»: есірткімен ұсталған Q-Pop тобының бұрынғы әншісі алғаш рет сұхбат берді «Ұлымның әкесіне таңғаламын»: Дана Нұржігіт марқұм күйеуі Владимир Рерих туралы «Басың істей ме?»: Баян Мақсатқызы қызына ұрысып тастады (ВИДЕО) «Күйеуімді жиенімнің құрбысына үйлендіріп жібердім»: Майра Ілиясова неге күйеуіне басқа әйел алып бергенін ашып айтты «Парламентте көтергім келеді»: Нағима Есқалиева әйелдер күйеуін бөлісу керегін айтты (ВИДЕО)