SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Германия енді Украинаға қандай қару жеткізетінін ашық айтпайды. Бұл туралы Германия канцлері ретінде Украинаның астанасына алғаш рет барған Фридрих Мерц мәлімдеді.
Енді Германияның Украинаға қару жеткізуі енді құпия болады: неге?
Германия енді Украинаға қандай қару жеткізетінін ашық айтпайды. Бұл туралы Германия канцлері ретінде Украинаның астанасына алғаш рет барған Фридрих Мерц мәлімдеді.
Springer медиахолдингінің журналисі Пол Ронцхаймер Мерцтен «Германия Украинаға Taurus қанатты зымырандарын жібере ме?» деп сұрағанда, ол бұдан былай мұндай сұрақтарға пікір білдірмейтінін айтты.
Сапар барысында Мерцпен бірге Франция президенті, Польша мен Ұлыбритания премьер-министрлері де Киевке барды. Олар Владимир Зеленскиймен кездесіп, Украинаға Ресей агрессиясына қарсы күресте бұлжымас қолдауын растады.
Еуропалық көшбасшылар Ресейге ультиматум қойды: егер 12 мамыр, дүйсенбі күнінен бастап 30 күндік бітімге Путин келіспесе, жаңа санкциялар енгізілмек. Бұл жоспарды бес елдің басшылары АҚШ президентімен Киевтен телефон арқылы талқылаған.
Неге Германия қару жөнелтуді құпия ұстауға көшті?
Сарапшылар мұндай тәсілді «стратегиялық екіұштылық» деп атайды. Яғни, құпиялық Ресейдің Германия тарапынан қандай қару түрлері жеткізілетінін нақты білмеуіне жол ашады. Бұл — әскери тактика.
Украинаның Германиядағы елшісі Алексей Макеев бұл жаңа тәсілді құптап, dpa ақпарат агенттігіне былай деді:
«Жақсы шахматшы алдағы бірнеше жүрісті алдын ала ойлайды. Бірақ бұл жүрістерді қарсыласына айтып бермейді».
Макеев Германия өз міндетін орындайтынына сенімді екенін және сол құпия мәліметтерге қол жеткізе алатын аз адамдардың қатарында екенін атап өтті.