«Су ағызып жатыр»: Жетісуда бейіттерді су шайып кетті (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
13.05.2025, 13:31
711
«Су ағызып жатыр»: Жетісуда бейіттерді су шайып кетті (ВИДЕО) бейнежазбадан

Суармалы каналдан келген су зираттарды шайып өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысына қарасты Сарқан қаласында суармалы су тағы да православ зиратын басып қалды. Әкімдіктің мәліметінше, бұған жергілікті тұрғынның санитарлық каналды өз бетінше жауып тастауы себеп болған.

Әлеуметтік желілерде зираттағы жағдай түсірілген видео тарады. Видео авторының айтуынша, зират аумағы батпаққа айналып, төменгі бөліктегі бейіттер судың астында қалған.

«Міне, қанша су келіп жатыр. Диқандар арықтарды тазаламай қойғаннан осылай болды. Соңында бейіттер су астында қалды. Суды ағызып жатыр», – дейді кадр сыртындағы әйел дауысы.

Кадрда опырылған зираттар, су ішінде қалқып жүрген гүл шоқтары мен айқыштар анық көрінеді.

Әкімдік: су тоқтатылды, каналды бір тұрғын жауып тастаған

Сарқан қаласының әкімдігі бұл жағдайға жедел әрекет еткенін хабарлады. Су тоқтатылған.

«Әкімдік шұғыл шара қабылдады: техника мен жұмысшылар жұмылдырылды, нәтижесінде судың келуі тоқтатылды. 2024 жылы зиратты қорғау мақсатында санитарлық канал қазылған болатын. Алайда көктемде, православ мерекесі қарсаңында, қала тұрғындарының бірі каналдың алдын өз бетімен жауып тастаған. Соның салдарынан су канал арқылы кетпей, зират маңында жиналып қалды. Осыған байланысты акимат тұрғындарға судың өтуін қалпына келтіру қажеттігін ресми түрде ескертті», – деп мәлімдеді әкімдік.

Бұл – бірінші рет емес

Айта кетейік, былтыр маусымда да дәл осы зират жақын маңдағы соя егістігін суару салдарынан су астында қалған болатын. Ол кезде акимат фермердің жері мәжбүрлеп алынатынын мәлімдеген.

«Участок иесі бірнеше рет санитарлық аймақ пен су бұру жүйесін жасау керектігі туралы ескертілген. Бірақ ол талаптарды елемеді. Жер және су кодексі нормаларын бұзғаны үшін жерді мәжбүрлеп алып қою процесі жүргізіліп жатыр», – деген еді Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі 2024 жылы.

Сол кезде бұл іс бойынша материалдар полицияға жіберілген. Алайда барлық уәделерге қарамастан, зират тағы да қауіп астында қалды, мәселе әлі шешілмеген.

Әкімдік нақты жауап бермеді

Аудандық әкімдік жер учаскесі шынымен тәркіленді ме, қазір кімнің қарамағында, каналды жапқан тұрғын жауапқа тартыла ма, оның мақсаты не болғаны сияқты сұрақтарға әзірге жауап берген жоқ.

Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды