Фариза Төреәлі қызының тұсауын кесіп, қоныс той жасады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.05.2025, 14:36
694
Фариза Төреәлі қызының тұсауын кесіп, қоныс той жасады (ВИДЕО) жеке мұрағаттан

Блогер былтыр 1 жастағы қызына үлкен пәтер сыйлаған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі елордадағы жаңа пәтерінде екі қуанышты оқиғаны қатар атап өтті. Ол – қызының тұсаукесері мен жаңа баспанаға қоныстануы. Фариза бұл ерекше сәттерді жақындары мен туыстарының ортасында атап өтіп, желіде бөлісті.

Той Астанадағы жаңа пәтерде өтті. Блогер арнайы видео түсіріп, әлеуметтік желідегі оқырмандарына өзінің қуанышымен бөлісті. Видеодан байқағандай, тұсаукесер мен қоныс той сән-салтанатпен, ерекше дизайнда ұйымдастырылған.

Мерекелік дастархан мен декордың басты түсі – сары. Қонақтар да, шаңырақ иелері де осы түсті киім киіп, стильді атмосфера жасаған. Бұл – Фаризаның үй ішіндегі интерьерімен де үйлескен ерекше шешімі.

Шара барысында Фариза Төреәлі қонақтарына жаңа үйін көрсетіп, "рум-тур" жасап шықты. Интерьер заманауи стильде безендірілген, кең әрі жарық пәтер желідегі жұрттың қызығушылығын тудырды.

Желі қолданушылары блогерге ақ тілектерін жаудырып, "Қызыңыздың қадамы құтты болсын", "Жаңа шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын", – деген пікірлер қалдыруда.

Ол былтыр 1 жасқа толған қызына Астанадан пәтер сыйлаған еді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады