«15 жылда тілімізден айырыламыз»: Қырғыздар қазақ тілінен қорқып отыр

Азиз Қалижан Редактор
13.05.2025, 15:35
3614
«15 жылда тілімізден айырыламыз»: Қырғыздар қазақ тілінен қорқып отыр бейнежазбадан

Қырғызстандықтардың сауалына ChatGPT қырғыз тілінің орнына, қазақша жауап беретін көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қырғызстандықтар ChatGPT-дің өздеріне қазақша жауап беретініне шағымданды.

Әлеуметтік желіде қырғыз ұлтының өкілдері ChatGPT-ден бірнәрсе сұрасаң, ол жиі қазақша жауап беретінін айтып шағымданды. Олар бұған ашуланып, «осылай кете берсе, он бес жылдан кейін бүкіл жастар қазақша сөйлейді» дейді.

Белгілі журналист Сырым Итқұлов желідегі парақшасында бұл бағдарлама көз ілеспес жылдамдықпен жастар арасында ғана емес, барлық мамандықта басты көмекшіге айналып үлгергенін жазды.

«Бұл жағдай мақтануға тұрарлық, себебі біздің қолданушылар алғашқы күндерден бастап ChatGPT-ке қазақша сөйлеу мәнерін, мақал-мәтелдерді үйретіп, елімізге тән визуалдарды (жерлер, мекендер, адамдар) енгізіп келеді. Бағдарламаны ауыл-аймақта да белсенді пайдаланып жатыр. Өйткені кейде ол әдебиет мұғалімінен де көп мақал-мәтел айтып, таза қазақ тілінде диплом жұмысын жазып бере алады», – деді журналист.

Видеода Wikipedia маманы Чоробек Сааданбеков ChatGPT қырғызша сұрағанда арасында қазақша жауап беретінін айтты.

«ChatGPT-ге қазақ тілінің қорынан кірген сөздер өте көп. Қырғыз тілінде жоққа таяу. Сөйтіп біздің тілден таппай қалып, қазақ тілінен алады. Қазір ChatGPT біздің ең негізгі мағлұмат алушы құралымыз болып қалған. Дәл қазір интернет майданында қырғызшаға көңіл бөлмесек, 15 жылда қазақша сөйлеп, жазып кетеміз. Ана тілімізді түсінбей, сезбей қаламыз. Біз мына жақта концепциясын қырғызша жазып, ChatGPT оны қазақша жаза беруі мүмкін. Орысша сөйлегеніміз аздай, ақырындап сол тілде сөйлей бастаймыз. Сонымен қатар орыс тілінің ыңғайына қарай үйлестіріліп жазылады деген сөздерді де қазірден бастап қарауымыз керек», – деп алаңдады қырғызстандық маман.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды