Төмен күнкөрістен шаршаған ақтаулық рекордсмен Ұлыбританиядан саяси баспана алды

Азиз Қалижан Редактор
13.05.2025, 16:34
958
Төмен күнкөрістен шаршаған ақтаулық рекордсмен Ұлыбританиядан саяси баспана алды әлеуметтік желі

Фермада салат жинауға кеткен спортшы Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген отандық рекордсмен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 12 мамыр күні, Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген, Ақтаудан шыққан белгілі спортшы Ильдар Ягьяев Ұлыбританиядан бес жылға саяси баспана алғанын Lada.kz редакциясына айтып берді.

Ильдардың айтуынша, ол екі сұхбаттан өтіп, Ұлыбритания үкіметінен бес жылдық тұруға рұқсат құжатын (residence permit) алған.

«Иә, достар, біз бұл белесті бағындырдық. Маған саяси баспана берілді. Әлі де тұла бойым шымырлап тұр. Бұл – менің өмірбаянымдағы тағы бір тарау. Адвокатсыз, схемасыз, жалған некесіз – бәрі тек мінезімнің арқасы. Жүздеген күн – күніне 12 сағат фермада, ыстықта да, суықта да.

Ондаған бас тарту: «құжат жоқ», «үміт жоқ». Жүздеген түн – алаңдаумен, тыныштықта, ертең не болатынын білмей. Енді менде бес жылдық тұруға рұқсат бар. Саяхатқа арналған төлқұжат, жеке іс бастау мүмкіндігі, үздік университеттерге түсуге жол ашық», – деп бөлісті Ильдар Ягьяев.

Ильдардың айтуынша, ең басты артықшылық – отбасын Ұлыбританияға көшіріп, балаларын қайта құшағына алу мүмкіндігі.

«Енді сіздерде де таңдау мүмкіндігі бар – қайда өмір сүру, қайда оқу, қайда арман құру. Мен сіздер үшін болашаққа апарар жолды аз да болса жеңілдеттім. Бұл – тек бастамасы. Маған сенгендерге – рахмет. Күмәнмен қарағандарға да – рахмет. Бәріңіз осы жолдың бір бөлшегісіздер.

Ең маңыздысы, айтқым келетіні, достар: ешқашан берілмеңіздер. Дәл бәрі бітті деп ойлаған сәтте, сен әбден шаршаған кезіңде – табыс келеді. Тағы бір қадам жасаңыз. Мұра үшін. Осы сәт үшін. Ішкі жарылыс, тек сіз еститін әуен үшін. Деміңді ішке тартқызатын, денеңді тітіркентетін сезім үшін. Өйткені өмір – дәл сол үшін берілген», – деді спортшы.

Еске сала кетейік, Ильдар Ягьяев 2023 жылы Ұлыбританияға табыс табуға кеткен. Барған соң фермада салат жинау жұмысымен айналысқан.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген