SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Спитамен көшесінде орналасқан тұрғын үйде тұрмыстық газ қоспасының жарылуы салдарынан күшті жарылыс болды. Құлаған үйінділер астынан жеті адамның мәйіті табылған еді.
Жарылыс салдарынан өрт шықпағанымен, ғимараттың темірбетон құрылымдары қираған. Нақтырақ айтқанда, ғимараттың жертөле қабаты мен алғашқы үш қабаты айтарлықтай бүлінген.
Күшті жарылыстан үш ересек пен төрт бала ажал құшқан.
Аталған факті бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазір жарылыстың себептері мен мән-жайлары анықталуда.