Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастамақ

14.05.2025, 10:56
170
Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастамақ AP Photo / Evan Vucci

Ол Сирияның жаңа президентімен Эр-Риядта 45 минуттық кездесу өткізбек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Сирияның уақытша президенті Ахмет аш-Шараамен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл кездесу Вашингтонның Сирияға қатысты саясатының күрт өзгеруін білдіруі мүмкін.

Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастау туралы шешім қабылдағанын жариялап, алдағы сәрсенбіде Түркияда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Сирияның өтпелі үкіметінің сыртқы істер министрі Асад әл-Шайбани арасындағы кездесуді растады.

АҚШ президентінің айтуынша, бұл шешім Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен Сириядағы жағдайды талқылағаннан кейін қабылданған.

Ахмет аш-Шараамен кездесу

Axios басылымы Трамп пен аш-Шараа арасындағы кездесу Эр-Риядтағы Парсы шығанағы елдері мен АҚШ саммитінің аясында өтуі мүмкін екенін жазды.

The National газеті сириялық дипломатиялық дереккөздерге сүйене отырып, Трамп аш-Шарааның сөзін тыңдауға уақыт бөлуге келіскенін хабарлайды. Сирияның өтпелі президенті сәрсенбі күні Сауд Арабиясына ұшып келіп, Трамппен 45 минуттық келіссөздер өткізеді деп күтілуде. Алайда Ақ үй бұл кездесуді ресми түрде әлі растаған жоқ.

Санкцияларды алып тастау

"Санкциялардың жойылуы – президент аш-Шараа үшін басты басымдық", – дейді дереккөздер.

Сирияның жаңа басшылығы бұрынғы режимге қарсы енгізілген АҚШ пен ЕО санкцияларының ел экономикасына тигізген қысымын азайтқысы келеді.

Жақында Трамп Таяу Шығысқа сапары қарсаңында:
"Біз санкцияларға қатысты шешім қабылдауымыз керек. Мүмкін, Сирияға қатысты санкцияларды жақын арада алып тастаймыз. Біз оларға мүмкіндік бергіміз келеді," – деген еді.

Бұл мәлімдеме Сирияны он жылдан астам уақытқа созылған азаматтық соғыстан кейін қалпына келтіруге бағытталған халықаралық күш-жігердің аясында айтылды.

Дамаск бұл мәлімдемені "сириялық халықтың азабын жеңілдетуге бағытталған үміт сыйлайтын қадам" деп бағалады.

«Тырнағын жұлып, қинап, терезеден лақтырған»: Алматыда азаптан қайтыс болған қыздың анасы әділдік сұрайды (ФОТО, ВИДЕО) Жасөспірімдер моншада жуынып жатқан қызды жасырын видеоға түсіріп, ауылға таратқан Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жалған ақпарат болып шықты «Емі 2026 жылы бітеді»: Жұлдыз Әбдікәрімова дертке шалдыққанын, күрделі ем алып жүргенін айтты Алматыда Досаевтың отставкаға кетуін талап ететін митинг өтпек Украинадағы соғыс басталғалы бері Германия 349 ресейлікке босқын мәртебесін берген «Қонақүй жалдаған»: Домбырадан беретін мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Ер адам досын өлтіріп, денесін өртеп жіберді Павлодарда мәңгілік алау жанында би билеген оқушы қыздар жазаланды «Шариғатта тыйым салынған»: Асанәлі Әшімовтің актрисаларға киімін сыйлағаны сынға қалды (ВИДЕО) Дәрігерлер Таразда соққыға жығылған депутаттың жағдайы туралы айтты Тарбағатай ұлттық паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген АҚШ-та иммиграциялық қысым қарсы 20 штат Трампты сотқа берді «Құрмет» орденінің иегері 8,5 млрд теңге ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастамақ Газ жарылысынан қаза тапқан балалардың суреті жарияланды Таразда депутатты ұрып кетті Бүгін еліміздің екі өңірінде 43 градус аптап ыстық болады «Маған «албасты» деді»: Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясованың теріс қылығын әшкереледі «Күйеуін қолдан келгенше адам қылды»: Сексолог әйел 10 жыл бірге тұрған күйеуін пышақтаған