«Құрмет» орденінің иегері 8,5 млрд теңге ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды

14.05.2025, 11:33
1507
«Құрмет» орденінің иегері 8,5 млрд теңге ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды pritvor.kz

Оны орденінен де айырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жел электр станциясын салуға бөлінген 8,5 миллиард теңгенің ұрлануына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты хабарлады.

Сотта алаяқтық дерегі бойынша айыпталған Б. және М. есімді екі азаматқа қатысты үкім оқылды. Тергеу дерегінше, олар 2020–2022 жылдары аралығында "Ерейментау қаласында қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясын салу" жобасы аясында "Е" ЖШС-нің (яғни, "Самұрық-Энерго" АҚ-ның еншілес компаниясы) қаражатын жымқырған.

Ұрлық жалған келісімшарттар жасау және аффилирленген компаниялар арқылы қаржыны айналдыру жолымен жүзеге асқан. Нәтижесінде мемлекетке 8,5 млрд теңгеден астам шығын келген.

Сондай-ақ, Б. 2021 жылы трансформаторлық қосалқы станцияларды жеткізу бойынша келісімшарт жасасқанымен, шарт міндеттемелерін орындамаған. Соның салдарынан "П" АҚ-ға 157 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Сот процесінде жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, банк үзінділері мен құжаттар жеткілікті дәлел ретінде қарастырылды. Прокурор айыпталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, ал сотталушылар кінәсін мойындаған жоқ.

Сот үкімі бойынша:

Б. 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, «Құрмет» орденінен айырылды;

М. ҚК 55-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, жеңілдететін жағдай (екі жас баланың болуы) ескеріліп, 6 жыл 8 айға сотталды.

Сот «Е» ЖШС-нің азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырып, 8,5 млрд теңге мен 3 млн теңге сот шығынын өндіріп беруге шешім шығарды. Қалған бөлігі қараусыз қалдырылды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды