«Қонақүй жалдаған»: Домбырадан беретін мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен

Аиса Махамбет Редактор
14.05.2025, 14:49
1414
«Қонақүй жалдаған»: Домбырадан беретін мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен бейнежазбадан

Ұлттық аспап мұғалімі күдікке ілінді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен домбыра үйірмесінің ұстазы ұсталды. Бұл туралы 31-арна жеткізді. 

Екеуінің қонақүйге барып, бөлмеге бірге кіргені бастан-аяқ бақылау камерасына жазылған. Көп ұзамай полицейлер жетіп келіп, 33 жастағы ер адамның қолына кісен салады. Ал қонақүйдің қожайыны бұл оқиғаның қасақана ұйымдастырылғанын айтады. Себебі кәмелетке толмаған қыз бұған дейін де дәл осылай өзге азаматқа қастандық жасаған деп отыр.

Оқиға Өтеген батыр ауылындағы "У Розы" қонақүйінде болған. Түнгі сағат 2-ден аса қонақүйге ер адам кірген. Қызметкерден бөлменің бағасын сұрағасын, сыртқа шығып, жанына жас қызды ертіп қайта келген. Ақшасын қолма-қол төлеп, екеуі бос бөлмеге қарай кеткен. Олар бөлмеге кіргеннен кейін көп ұзамай қонақүйге полицейлер келген. 

Бұл ақпаратты қонақүй қожайыны растап отыр. Оның айтуынша, бұл – құрыққа түсіру айласы. Алматы облысы полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

“Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстап аудандық бөлімшеге жеткізді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі обьективті анықтауға бағытталған қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.

Полиция “16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу” бабы бойынша іс қозғағанын атап өтті. Қылмыс дәлелденсе, күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды