Украинадағы соғыс басталғалы бері Германия 349 ресейлікке босқын мәртебесін берген

14.05.2025, 15:35
185
Украинадағы соғыс басталғалы бері Германия 349 ресейлікке босқын мәртебесін берген Антон Вергун / РИА Новости

Соғыс басталғалы 6374 ресейлік азамат босқын мәртебесін сұрап өтініш берген екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2022 жылдың басынан бастап Германияға 6374 ресейлік азамат босқын мәртебесін сұрап өтініш берген. Алайда тек 349-ына ғана босқын мәртебесі немесе депортациядан қорғайтын құқықтық статус берілді. Бұл туралы ГФР Ішкі істер министрлігі Левтер партиясының депутаты Клара Бюнгердің сұранысына жауап ретінде мәлімдеді. Мәліметтерді 13 мамырда Berliner Morgenpost және Funke медиатобы жариялады.

Босқын мәртебесін сұрағандардың барлығы — 18 бен 45 жас аралығындағы ер адамдар. 349 адамға елінде қауіп төніп тұрғаны үшін қосымша қорғаныс құқығы берілген немесе депортацияға тыйым салынған.

Бюнгер бұл сұранысты соғысқа қатысудан бас тартқан ресейліктерге Германия қандай деңгейде баспана беріп жатқанын нақтылау мақсатында жолдаған.

Германияға жолданған өтініштердің көпшілігі қанағаттандырылмаған немесе қажеттілік жойылған — мысалы, өтінішті қарау басқа ЕО еліне тиесілі екені анықталған жағдайлар болған.

Левтер партиясының депутаты Клара Бюнгердің айтуынша, Украинадағы соғыс басталғалы Ресейден жүздеген мың ер адам кеткенімен, Германияның бар болғаны 349 өтінішті мақұлдауы — ұятты аз көрсеткіш. Ол экс-канцлер Олаф Шольцтің2022 жылы соғысқа қатысудан қашқан ресейліктерге қорған беруге уәде еткенін, бірақ бұл уәде орындалмағанын айтты.

«Хиджабтағы әйелі себеп»: Таразда депутатты неге ұрып тастағаны белгілі болды (ВИДЕО) Мұхамеджан Тазабектің шаңырағында той болмақ Ақтаулық ер адам өз баласын итше төбелестіріп, соны видеоға түсірген (ВИДЕО) «Тырнағын жұлып, қинап, терезеден лақтырған»: Алматыда азаптан қайтыс болған қыздың анасы әділдік сұрайды (ФОТО, ВИДЕО) Жасөспірімдер моншада жуынып жатқан қызды жасырын видеоға түсіріп, ауылға таратқан Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жалған ақпарат болып шықты «Емі 2026 жылы бітеді»: Жұлдыз Әбдікәрімова дертке шалдыққанын, күрделі ем алып жүргенін айтты Алматыда Досаевтың отставкаға кетуін талап ететін митинг өтпек Украинадағы соғыс басталғалы бері Германия 349 ресейлікке босқын мәртебесін берген «Қонақүй жалдаған»: Домбырадан беретін мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Ер адам досын өлтіріп, денесін өртеп жіберді Павлодарда мәңгілік алау жанында би билеген оқушы қыздар жазаланды «Шариғатта тыйым салынған»: Асанәлі Әшімовтің актрисаларға киімін сыйлағаны сынға қалды (ВИДЕО) Дәрігерлер Таразда соққыға жығылған депутаттың жағдайы туралы айтты Тарбағатай ұлттық паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген АҚШ-та иммиграциялық қысым қарсы 20 штат Трампты сотқа берді «Құрмет» орденінің иегері 8,5 млрд теңге ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастамақ Газ жарылысынан қаза тапқан балалардың суреті жарияланды Таразда депутатты ұрып кетті