Алматыда Досаевтың отставкаға кетуін талап ететін митинг өтпек

Азиз Қалижан Редактор
14.05.2025, 16:04
230
Алматыда Досаевтың отставкаға кетуін талап ететін митинг өтпек Алматы әкімдігі

Санжар Боқаев митинг ұйымдастырмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қоғам белсендісі Санжар Боқаев пен заңгер Мұрат Адам Алматы әкімі Ерболат Досаевты отставкаға жіберу үшін митинг ұйымдастырмақ. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

 

Санжар Боқаев пен Мұрат Адам Алматы әкімдігіне "Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың отставкаға кетуін талап етеміз" деген тақырыпта митинг өткізу туралы хабарлама тапсырды.

Олардың айтуынша, Досаев басқарып отырған тұста қала құлдырап кетті. Мәселен, ағаштарды кесу жалғасып жатыр, "автобустар зираты" пайда болып, жемқорлық деңгейі өсті. Ал жаңа метро станцияларының құрылысы істен шығу қаупінде тұр.

"Біз, алматылықтар, қаламыздың қирап, талан-таражға түскеніне қарап отыра алмаймыз. Сонымен қатар БАҚ пен жұртшылықтың назарына "Алматы әкімін отставкаға жіберу" тақырыбындағы митингіні Алматы әкімінің өзі бекітетінін хабарлаймыз. Бұл мүдделер қайшылығы”, – деді митингі бастамашылары.

Айта кетейік, Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметін 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді. Осы уақыт ішінде қала басшысы бірнеше рет сынға ұшыраған еді. 

«Хиджабтағы әйелі себеп»: Таразда депутатты неге ұрып тастағаны белгілі болды (ВИДЕО) Мұхамеджан Тазабектің шаңырағында той болмақ Ақтаулық ер адам өз баласын итше төбелестіріп, соны видеоға түсірген (ВИДЕО) «Тырнағын жұлып, қинап, терезеден лақтырған»: Алматыда азаптан қайтыс болған қыздың анасы әділдік сұрайды (ФОТО, ВИДЕО) Жасөспірімдер моншада жуынып жатқан қызды жасырын видеоға түсіріп, ауылға таратқан Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жалған ақпарат болып шықты «Емі 2026 жылы бітеді»: Жұлдыз Әбдікәрімова дертке шалдыққанын, күрделі ем алып жүргенін айтты Алматыда Досаевтың отставкаға кетуін талап ететін митинг өтпек Украинадағы соғыс басталғалы бері Германия 349 ресейлікке босқын мәртебесін берген «Қонақүй жалдаған»: Домбырадан беретін мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Ер адам досын өлтіріп, денесін өртеп жіберді Павлодарда мәңгілік алау жанында би билеген оқушы қыздар жазаланды «Шариғатта тыйым салынған»: Асанәлі Әшімовтің актрисаларға киімін сыйлағаны сынға қалды (ВИДЕО) Дәрігерлер Таразда соққыға жығылған депутаттың жағдайы туралы айтты Тарбағатай ұлттық паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген АҚШ-та иммиграциялық қысым қарсы 20 штат Трампты сотқа берді «Құрмет» орденінің иегері 8,5 млрд теңге ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастамақ Газ жарылысынан қаза тапқан балалардың суреті жарияланды Таразда депутатты ұрып кетті