Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жалған ақпарат болып шықты
Сара Назарбаева қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сара Назарбаева қайтыс болды деген ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттің кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
"БАҚ тарапынан келіп түскен көптеген сауалдарға жауап ретінде хабарлаймын: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттің кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Бұған дейін БАҚ сайттарында Сара Назарбаеваның ауа жіберу аппараты сөндірілгені туралы ақпарат тараған еді.
"Orda.kz дереккөздері ақпараты бойынша, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы әйелі Сара Назарбаеваны өмірді қамтамасыз ету аппаратынан сөндірілген. Сара Назарбаева 85 жасында дүниеден өтті. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ", - деп жазған еді Orda.kz басылымы.
Әзірге соңғы апталарда Сара Алпысқызы Алматы қаласындағы Президент істері басқармасының Республикалық клиникалық ауруханасында («Совминка» ретінде белгілі) ем қабылдағаны белгілі.
Материал авторы