1510

Жасөспірімдер моншада жуынып жатқан қызды жасырын видеоға түсіріп, ауылға таратқан

Алматы облысында қызды жалаңаш күйінде түсіріп алған жасөспірімдер жазаланбақ. Ал бұл оқиғаның кесірінен қыз тұйықталып, күйзеліске түсіп кеткен.

Жасөспірімдер моншада жуынып жатқан қызды жасырын видеоға түсіріп, ауылға таратқан
Stan.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы, Ащыбұлақ ауылындағы «Достық» қоғамдық моншасында 16 жастағы қыз жуыну кезінде жасөспірімдер тобы жасырын бейнежазбаға түсіріп алған. Видео душқа тікелей шығатын қабырғадағы тесіктен түсірілген. Кейін бұл жазба ауыл тұрғындары арасында тарап кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, болған жайтты видео тарағаннан кейін ғана білген. Қыздың сөзінше, күдіктілер су өшіп қалды деп алдаған.

Бейнежазбада жасөспірімдердің бірі ұсталған сәтте ювеналды полиция қызметкері басқа қатысушыларды шақыруды талап етіп, қатаң ескерту жасайды.

«Қалғандарын шақыр. Келмесе, өздеріңе қиын болады. Мен ойын ойнап отырған жоқпын», – дейді инспектор.

Қыздың анасы қызының қатты күйзеліске түскенін айтып, оның қазір үйден шықпай, тұйықталып қалғанын жеткізді.

Алматы облыстық полиция департаменті барлық қатысушы жасөспірімдердің анықталғанын және олармен профилактикалық жұмыс жүргізілгенін хабарлады. Видео түсірген жасөспірім де ұсталды.

«Олардың ата-аналары балаларын дұрыс қадағаламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оқиға себептерін жою үшін әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға ұсыныс жолданды», – деді ведомство өкілдері.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор