«Хиджабтағы әйелі себеп»: Таразда депутатты неге ұрып тастағаны белгілі болды (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
14.05.2025, 20:10
617
«Хиджабтағы әйелі себеп»: Таразда депутатты неге ұрып тастағаны белгілі болды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Телефонын қуаттамақ болған дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 мамырда Тараздағы дәмханалардың бірінде Алматы облысы Іле ауданының мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиевті ер адам соққыға жыққан. Полиция бұл деректі растады.

Депутаттың айтуынша, ол Таразға жұмыс сапарымен барған. Қаладағы дәмханалардың бірінде клиенттерімен заңгер ретінде кездесу өткізіп отырған. Телефонының қуаты таусылып, оны көрші үстелге — жанұямен отырған ерлі-зайыптылардың жанына — қуаттауға қойған. Сол кезде белгісіз ер адам оған телефонын қоюға тыйым салып, дау шыққан. Соңы төбелеске ұласып, ер адам депутатты ұрып, есінен тандырған.

«Құлағаннан кейін де ұруын тоқтатпады. Менімен бірге болған адам араша түсіп, полиция шақырды. Кейін мені ауруханаға жеткізді, бірақ ол жігітті полиция босатып жіберген», — дейді депутат.

Дәрігерлер депутаттың бет сүйегі сынғанын анықтаған. Алайда ол Таразда ота жасаудан бас тартып, полиция шақырған. Оның сөзінше, шабуыл жасаған адам кейін ауруханаға да келіп, тағы да қорқытпақ болған. Қасында тағы бірнеше адам болыпты.

«Мені сыртқа шығарып, «Әлі сөйлесеміз» деді. Ал полиция үнсіз тұрды», — дейді Байғазиев.

Қазіргі таңда шабуыл жасаған адам бостандықта жүр. Депутат шабуылдың кәсіби қызметіне қатысы бар-жоғын нақты айта алмайды.

«Хиджабтағы әйелі себеп»: Таразда депутатты неге ұрып тастағаны белгілі болды (ВИДЕО) Мұхамеджан Тазабектің шаңырағында той болмақ Ақтаулық ер адам өз баласын итше төбелестіріп, соны видеоға түсірген (ВИДЕО) «Тырнағын жұлып, қинап, терезеден лақтырған»: Алматыда азаптан қайтыс болған қыздың анасы әділдік сұрайды (ФОТО, ВИДЕО) Жасөспірімдер моншада жуынып жатқан қызды жасырын видеоға түсіріп, ауылға таратқан Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жалған ақпарат болып шықты «Емі 2026 жылы бітеді»: Жұлдыз Әбдікәрімова дертке шалдыққанын, күрделі ем алып жүргенін айтты Алматыда Досаевтың отставкаға кетуін талап ететін митинг өтпек Украинадағы соғыс басталғалы бері Германия 349 ресейлікке босқын мәртебесін берген «Қонақүй жалдаған»: Домбырадан беретін мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Ер адам досын өлтіріп, денесін өртеп жіберді Павлодарда мәңгілік алау жанында би билеген оқушы қыздар жазаланды «Шариғатта тыйым салынған»: Асанәлі Әшімовтің актрисаларға киімін сыйлағаны сынға қалды (ВИДЕО) Дәрігерлер Таразда соққыға жығылған депутаттың жағдайы туралы айтты Тарбағатай ұлттық паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген АҚШ-та иммиграциялық қысым қарсы 20 штат Трампты сотқа берді «Құрмет» орденінің иегері 8,5 млрд теңге ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастамақ Газ жарылысынан қаза тапқан балалардың суреті жарияланды Таразда депутатты ұрып кетті