Сапасыз мемлекеттік қызмет көрсеткен 305 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

15.03.2023, 19:55
552
Сапасыз мемлекеттік қызмет көрсеткен 305 лауазымды тұлға жауапқа тартылды smartnews.kz

Өткен жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласында 46 мыңға жуық заң бұзушылық анықталған. Толығырақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 756 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 46 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша 602 мемлекеттік қызмет көрсетуші тәртіптік жауапкершілікке және 305 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Салауат Мүксімов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәлімдеуінше, құзырлы органдарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған 1 мыңнан астам ұсыныс жолданды. Сонымен қатар, Цифрлық даму министрлігі анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі кешенді жоспарды бекітті.

«Мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде ұсыну және клиенттің қызмет алу құқығын қалпына келтіруге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, мониторинг нәтижесінде қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту және оның себептерін толық көрсетпеу фактілері анықталды. Осылайша, 124 мемлекеттік қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді», - дейді агенттік басшысының орынбасары.

Бұған дейін С. Мүксімов агенттік атынан ХҚО-да техникалық ақау туындағанда азаматтарды күттіріп қоймаудың жолын қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет алуда айыппұлдың кедергі болмауы керектігі айтылды.

 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)