Шавкат Рахмонов мемлекеттен қаржыландыру алды – министр спортшымен кездесті

15.03.2023, 20:11
683
Шавкат Рахмонов мемлекеттен қаржыландыру алды – министр спортшымен кездесті facebook.com/Асхат Оралов

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа Спортты қолдау қорынан қаржыландыру бөлінеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бүгін Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі – Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бірі жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді.

Мен Шавкатты жақында америкалық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін Спортты қолдау қорынан қаржыландырылатын болады.

Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін», - деп жазды министр Facebook-тегі жеке парақшасында.

Еске салайық, 5 наурыз күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді (15-5) буындыру тәсілімен жеңді.

Қазақстандық үшін бұл өз мансабындағы 17-ші жеңіс болды, сондай-ақ ол бүкіл жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Жартылай орта салмақтағы рейтингіде Рахмонов 6-орынға көтерілді.

 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды