598

Құрылысы ұзаққа созылған Шымкент әуежайының мәселесін зерделейтін үкіметтік комиссия құрылды

Шымкент қаласы әуежайының жұмыс істеуі мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссия құрамы жасақталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Құрылысы ұзаққа созылған Шымкент әуежайының мәселесін зерделейтін үкіметтік комиссия құрылды
smartnews.kz

Премьер-Министрдің өкімімен үкіметтік комиссия құрамына мына лауазымдағы тұлғалар енді:

- Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, төраға;

- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төрағаның орынбасары;

- Шымкент қаласының әкімі;

- Үкімет Аппараты Басшысының бірінші орынбасары;

- Төтенше жағдайлар вице-министрі;

- Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

- Ішкі істер министрінің орынбасары;

- Қорғаныс министрінің орынбасары;

- Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;

- Ұлттық экономика вице-министрі;

- Қаржы вице-министрі;

- Әділет вице-министрі;

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

- Бас прокурордың орынбасары (келісім бойынша);

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

- Үкімет Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы.

«Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, мәселелерді шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін», - деп комиссияға міндет жүктелген Премьер-Министрдің өкімінде.

Еске салайық, 27 қаңтарда Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әуежай терминалын салып бітіруді тездетуді тапсырған еді. Сонымен қатар Премьер-Министр Шымкент әуежайының жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейтінін айтып, жұмыстарды сынға алды.