Парламент 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдады

16.03.2023, 12:43
724
Парламент 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдады smartnews.kz

Парламент сенатының 16 наурыздағы жалпы отырысында депутаттар "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, шығыстардың қосымша өсімі 2,2 трлн. Негізінде мемлекет басшысының Жолдау мен сайлауалды бағдарламасы аясында айтылған бастамаларын, өңірлерге жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша тапсырмаларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет. Бұл үшін 2 триллион теңге бөлінеді. Бұл - өңірлерді қолдауға, ауыл шаруашылығын, көлік инфрақұрылымын және өңдеуші өнеркәсіпті, сонымен қатар әлеуметтік саланың жекелеген бағыттарын одан әрі дамытуға бағытталған шығыс.

"Сонымен қатар бұл бағыт аясында жылумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау, электр энергетикасын дамытуға 144 млрд. теңге, қорғаныс және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге, азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 126 млрд. теңге, тұрғын үй сатып алу үшін қарыздар мен тұрғын үй жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар беруге 92 млрд. теңге көзделеді. Басқа да бірқатар маңызды міндеттемелерді іске асыруға 186 млрд. теңге бағытталатын болады. Бюджетті қайта қарау нәтижесінде экономиканың нақты секторы мен өңірлерді қолдауға ерекше мән берілді. Бұны шығыстардың құрылымының өзгеруінен байқауға болады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Атап айтсақ, экономиканың нақты секторын қолдауға қосымша 1,3 трлн. теңге көзделген. Тиісінше, шығыстардың жалпы көлеміндегі бұл бағыттың үлесі 5,3%-ке ұлғайды. Нәтижесінде аталған салаға арналған шығыстар 3,5 трлн. теңге немесе жалпы шығыстардың 15,6% мөлшерінде жоспарланып отыр.

Министрдің сөзінше, бұл орта мерзімде елдің дамуына оң мультипликативтік әсер етеді. Әлеуметтік саланың шығыстары 298 млрд. теңгеге ұлғайтылды және 8,5 трлн. теңге немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 37,5%-ін құрап отыр.

"Қаражат "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыруға, мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтерінің жалақысын көтеруге және колледж студенттердің стипендияларын ұлғайтуға, әлеуметтік төлемдердің, жәрдемақылардың мөлшерлерін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды