«262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі

20.05.2025, 10:10
1119
«262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі elordainfo.kz / Оңалхан Оңерхан

Қыркүйек айынан бастап студенттер, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы өседі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында қыркүйек айында студенттердің стипендиясы қаншаға өсетінін мәлім етті.

- Кейінгі 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есе өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі. Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңге болады. Яғни, осы жылы бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады, - деді вице-министр.

Талғат Ешенқұлов жатақханалардағы орын тапшылығы 2019 жылы 82 500 орын болса, 2024 жылы 14 873-ке дейін түскенін айтты.

- Осы ретте, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылатынын атап өткім келеді, - деді министрдің орынбасары.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды