«Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО)

20.05.2025, 11:11
888
«Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) бейнежазбадан

Бірнеше жылдан бері Ресейде өнер көрсетіп жүрген комик көші-қоны заңнамасын бұзған боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Мәскеудегі Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, ол белгіленген мерзімде Ресей аумағынан шығуы тиіс. Оған 5 мың рубль (31 850 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Телеграм-арналардың дерегінше, Нұрлан Сабыровтың көші-қон картасының мерзімі өтіп кеткен, яғни Ресейде болуға рұқсат етілген уақыттан асырып жіберген. Ол Ресей Федерациясы аумағында 114 күн болған, ал заң бойынша бір күнтізбелік жылда 90 күннен артық болмауы керек.

Белгілі болғандай, комик жаңа жылды Ресейде қарсы алған, елден 3 қаңтарда шыққан. Кейін 23 қаңтарда қайта келіп, 22 күн болған. Биыл 15 ақпанда тағы оралып, 37 күн болған. 23 наурыздан бастап Ресейде тағы 47 күн жүрген. Ол Шереметьево әуежайында ұсталып, оған РФ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 18.8-бабы 3.1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Сондай-ақ, Сабыров белгіленген лимитті асырып жібергендіктен, енді Ресейден шығуы қажет екені айтылып жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды