«Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
20.05.2025, 11:44
1915
«Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Марқұм Бейсен Құранбекпен 30 жыл бұрын қалай танысқандарын айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 жыл бұрын өмірден өткен белгілі журналист Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Зербай алғаш рет ел алдына шығып, ашық сұхбат берді.

Гүлмира ханым тележүргізуші әрі журналист Дана Нұржігітке сыр шертті. Ол 30 жыл бұрынғы Бейсенмен алғаш танысқан сәтін еске алды.

Мен Ақтөбенің қызымын. Алматыға аспирантураға оқуға келіп, “Спорт” газетіне корректор болып жұмысқа тұрдым. Ол жерде Сайын Тұрсынов деген кісі қызмет істейтін. Кейін білсем, мені сырттай бақылап жүріпті. Бір күні қасынан Бейсенді ертіп келіп, менімен таныстырды. Бас киімін көзіне түсіріп киіп алған. “Гулочка, мынау менің балам – Бейсен. Мені қалай сыйласаң, осы жігітті де солай сыйла” деді де, кете барды. Ал Бейсен ашылып көп сөйлей қойған жоқ. Тек “Қай жақтансың, атың кім?” деген қысқа сұрақтар қойды. Кейін Сайын аға “Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағатын адам” деп айтыпты. Сол сөзден кейін бе, Бейсен редакцияға жиі келе бастады. Ол кезде оның жасы 27-де еді. Сөйтіп жүріп танысып, кейін отбасын құрдық, – деп еске алды Гүлмира Зербай.

Сондай-ақ ол марқұм күйеуінен алған алғашқы сыйлығын осы күнге дейін көздің қарашығындай сақтап жүргенін де айтты.

Жастық шағымыз тоқырау кезеңіне тұспа-тұс келді. Ол кезде қаржы жағынан қиындық көп болатын. Бір жолы 8 наурызда маған тосын сый жасап, үйге сыйлықпен келді. Шынымды айтсам, мүлде күтпеген едім, себебі жағдайымыз белгілі. Сөйтсем, екі қоян сыйлапты. Сол уақыттан бері неше рет пәтер ауыстырсақ та, сол қояндарды жоғалтқан емеспіз. Балалар олармен ойнайды, кейде кіреберістегі телефон жанына қойып қояды. Бірде үйге келген кішкентай қонақ бала “Қояндарды алып кетемін” деп жылап алған. Бірақ Бейсекең екеуміз үшін аса қымбат дүниелер болғандықтан, бермедік. Сонда Бейсен “Қояндарды құтқару операциясын бастайық” деп, екі балаға ақша ұстатып, сол қояндарды аман алып қалған едік, – деді ол.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады