Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді

20.05.2025, 12:21
743
Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді Getty Images, AP / Alexander Kazakov

АҚШ Мәскеу мен Киев арасындағы бейбіт келіссөздердің «жедел» басталатынын хабарлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың екі сағаттық телефон арқылы сөйлесуінен кейін Мәскеу Киевпен атысты тоқтату туралы меморандумды талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Украина президенті Владимир Зеленский өз елінің "нәтиже беретін кез келген форматта Ресеймен тікелей келіссөзге дайын" екенін айтты.

Путиннің сөзінше, Ресей Украинаны атысты тоқтату туралы ортақ құжат жасау бойынша жұмыс істеуге әзір. Бұл — Трамп екінші рет президенттікке кіріскелі екі ел басшылары арасындағы екінші ресми байланыс.

АҚШ — Мәскеу мен Киев ұстанымдарын жақындатуға тырысып жатқан негізгі делдал. Өткен аптада АҚШ қатысуымен Түркияда Ресей мен Украина делегациялары арасында алғашқы келіссөздер өткен. Бүгінгі Трамп пен Путин арасындағы әңгіме сол диалогтың жалғасы саналады. Трамп бұл қоңырауға дейін Зеленскиймен сөйлесіп, кейін оған қайта хабарласатынын айтқан.

Зеленский әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, Украина "толық әрі сөзсіз атысты тоқтатуға" дайын екенін, ал егер Ресей мұндай қадамға бармаса, "қатаң санкциялар қажет" екенін жеткізді. Ол келіссөз орны ретінде Түркия, Ватикан, Швейцария сынды алаңдарды қарастырып жатқанын айтты.

Трамп өз парақшасында 19 мамыр күні өтетін келіссөздердің басты тақырыбы — "қанды қырғынды тоқтату" болатынын жазды. Ақ үй бұған дейін келіссөз процесінің созылып кеткеніне көңілі толмай отырғанын, тіпті одан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтқан.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің айтуынша, Трамп үшін ең маңыздысы — Путиннің шынымен де соғысты тоқтатуға ниеті бар-жоғын анықтау. Америкалық президенттің өзі де "Путинмен бетпе-бет кездеспейінше нақты серпіліс болмайды" деген болатын.

Путин болса Трамппен сөйлесуді "құнды әрі пайдалы" деп атап, Ресей үшін басты мақсат — "қақтығыстың түпкі себептерін жою" екенін айтты. Оның сөзінше, Мәскеу мен Киевке барлық тарапты қанағаттандыратын ымыра табу қажет. Дегенмен, Ресей бұған дейін Украина үшін қолайсыз талаптар қойған еді: төрт облыстан толық бас тарту және әскери одақтарға қатыспау міндеттемесі.

Келіссөз нәтижесінде Ресей бұл талаптардан бас тартуға дайын ба, әзірге белгісіз. Алайда Трамп диалогтың "жоғары деңгейде" өткенін айтып, Мәскеу мен Киевтің "жақын күндері атысты тоқтату бойынша келіссөздерді бастайтынын" мәлімдеді. Ол бұл прогресс жайлы Зеленскийге, Еурокомиссия басшысына және ЕО елдерінің көшбасшыларына хабарлаған.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады